COVID-19: Еліміздің алты өңірі "қызыл" аймақта
Опубликовано:

Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 3 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын ресми Telegram-каналында жариялады.
Жағдай алдыңғы күнмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ деуге болады.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта қалуда.
Ал "сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары.
Еліміздің басқа өңірлері жасыл аймақта. Қазақстан коронавирустың "қызыл" аймағында қалып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған 377 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отырғанын жазған едік.
3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 821 адам короновирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 377 адамның жағдайы ауыр;
• 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Соынмен қатар, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша антирекордты жаңартқанын жазғанбыз.
Одан бөлек, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 2 сәуірде коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз.
Қаулы сенбі, үшінші сәуірден бастап өз күшіне енді. Бүгінгі күннен бастап студенттер мен оқушылар 2020-2021 оқу жылының соңына дейін қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906116-covid-19-elimizdin-alty-oniri-qyzyl-aimaqta/