Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл" аймақтағы тағы бір өңірде карантин күшейтіледі

Опубликовано:

Бетперде таққан адамдар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, өңірде карантиндік шаралар күшейтіледі.

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы талаптарды сақтап,

Қаулыға сәйкес, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады, ал жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

Сауна және моншаларға жұмыс күндері және сенбіде ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндерінде және сенбіде тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс істемеуі тиіс.

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

Бассейндер (1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауын тоқтатады.

СОО, сауда үйлері, сауда желілері (балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен) жұмыс күндері және сенбі күні ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендер жұмыс күндері және сенбі күні ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмысын тоқтатуы қажет.

"Ашық ауадағы" азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жұмыс күндері және сенбі күні ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары (балалар ойын алаңдары және аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынуымен) жұмыс күндері және сенбіде ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс істемеуі тиіс.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906123-qyzyl-aimaqtagy-tagy-bir-onirde-karantin-kuseitildi/

pixel