Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда өз ауласынан мәйіті табылған қарияның өліміне қатысты іс тоқтап қалды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Атырауда бүтін бір ауылды үрей құшағына бөлеген қылмыстық іс тоқтады деп хабарлайды Astana TV арнасы.

Жантүршігерлік оқиға биыл қаңтар айында Махамбет ауданындағы Таңдай ауылында тіркелген. 82 жастағы қарияның мүрдесі өзі тұрған үйдің ауласында көміліпті. Сол кезде әлеуметтік желіде мәйіттің бөлікке бөлініп, бірнеше айдан бері сақталғаны да желдей есті.

Бұл қауесет аядай ауылдың үрейін ұшырған еді. Тұрғындар күдікке зейнеткермен бірге тұратын қарындасының қатысы болуы мүмкін екенін де айтқан болатын. Полиция қылмысқа кінәлі адам таппаған екен.

"Махамбет ауданы Таңдай селосында  82 жастағы ер адамның табылған мүрдесіне қатысты  қылмыстық іс қылмыс құрамы болмауына байланысты  тоқтатылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес,  ер адамның мүрдесінде  дене жарақатының іздері  анықталмаған", -деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Екі айға созылған тергеу тоқтатылып, қазір прокуратураға жолданды. Ал қылмыстық іс басталғанда мектептен шеттетілген марқұмның мұғалім қарындасы әлі жұмысына оралмапты.

"Өзі ішкі істер бөлімінің хабарламасын алып, маған істің өндірістен тоқтағаны жөнінде айтып, жұмысқа алуымды сұрап келді. Мен өзінің заңдылықтарын түсіндіріп айтып жібердім.

Прокуратурада ішкі істер бөлімінің берілген хабарламасының заңды-заңсыздығы жөніндегі мәселелер қаралып жатыр. 15 күн ішінде қаулы прокуратура шығарып беру керек. Содан кейін жұмысқа алу - алмау жөніндегі  мәселе қаралады",- деді Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің директоры Серік Қойбақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1906152-atyrauda-oz-aulasynan-maiiti-tabylgan-qariyanyn-olimine-qatysty-is-toqtap-qaldy/

pixel