Павлодарда қызмет орнын тастап кеткен сарбаз табылды
Опубликовано:

Павлодарда қызмет орнын тастап кеткен сарбаз табылды. Ол № 5512 әскери бөлімі орналасқан жерден 3 сәуірде сағат 6:30 шамасында кетіп қалған болатын деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы "Шығыс" Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді. Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз"- деді ҚР Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында.
Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір күні сағат 06:30 шамасында әскери бөлім орналасқан жерден өз еркімен кеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906165-pavlodarda-qyzmet-ornyn-tastap-ketken-sarbaz-tabyldy/