Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адам вакцина алды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласында бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды", - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Осылайша, 2 және 3 сәуірде Алматыда 16 985 адамға вакцина егілді. Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жұмыс істеп тұрған екпе пунктілерінің жұмысын тексеріп шақты.

Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырған 2 916 науқас ем қабылдауда. 175 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті.

"Барлық инфекциялық стационарда 5 460 төсек-орын бар. Бүгінде оның 54% -ы толық. Қазір ем қабылдап жатқандар саны 2 916 адам. Науқастар саны сағат сайын өзгеріп жатыр. 175 науқас реанимация бөлімінде", - деді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар, ол қалада дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс медициналық құралдарының 2-2,5 айлық қоры бар екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906166-almatyda-bir-kunde-10-mynga-zuyq-adam-vakcina-aldy/

pixel