Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар баласын COVID-19-ға байланысты Мысырда тастап кетуге мәжбүр болған: СІМ пікір білдірді

Опубликовано:

Мысыр
Фото: pixabay.com

Коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен 17 жастағы қазақстандық Мысырдан кете алмай отыр. Ал оның ата-анасы кәмелетке толмаған баласын тастап, отанға оралуға мәжбүр болған. Оқиғаға қатысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров баланың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Ол қазір қонақ үйде. Тамақпен қамтамасыз етілген.

"Қонақ үй барлық шығынды өз мойнына алып отыр. 5 сәуір күні қайтадан тест тапсырады. Визасы 20 сәуірге дейін жарамды", - деді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің өкілінің сөзінше, қазір туркомпаниялар медициналық сақтандырудың ұзақтығы, азаматтардың жауапкершілігі және қазіргі уақытта бүкіл әлемде байқалатын жағдайды түсіндіру бойынша жұмыс істеу қажет.

"Қазір бәрі бақылауда. Біз отандасымыздың жағдайын бақылауда ұстау үшін жұмыс істеп жатырмыз",- деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұл оқиғаға төрт адамнан тұратын жанұя тап болған. Олар ұшуға соңғы күн қалғанда ПТР тест тапсырған. Тест үшеуінде теріс, ал үлкен ұлында оң нәтиже көрсеткен. Дегенмен, 17 жастағы балада аурудың белгілері байқалмапты.

Соңында коронавирус жұқтырған ол шет елде қалып, ата-анасы Қазақстанға қайтуға мәжбүр болған. Ал бұл уақытта Қазақстан ұшақ бортына ПТР анықтамасыз өз азаматтарын кіргізуге тыйым салған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906173-qazaqstandyqtar-balasyn-mysyrda-tastap-ketuge-mazbur-bolgan-sim-pikir-bildirdi/

pixel