Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 млн астам қазақстандық Facebook қолданушының деректері желіге тарап кетті

Опубликовано:

Фейсбук
Көрнекі фото: pixabay.com

KZ-CERT "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ақпараттық қауіпсіздік жағдайын зерттеу аясында компьютерлік инциденттерге ықпал ету қызметі Facebook әлеуметтік желісінің 3 миллионнан астам қазақстандық қолданушысы туралы деректер желіге тарап кеткенін анықтаған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елінен 533 миллионнан астам қолданушы туралы мәліметтер базасын жариялады. Материалдарды зерттей келе, Қазақстандағы 3 214 990 қолданушының аты-жөні мен тегі, телефон нөмірі, тұратын елі/қаласы, жұмыс орны және оқуы туралы мәліметтер желіге тарап кеткені анықталды" деп жазылған "Мемлекеттік техникалық қызмет" компаниясының сайтында.

Аталған парақшада жазылғандай, желі қолданушыларының жеке мәліметтерінің тарап кетуінің салдары ауыр болуы мүмкін. Қаскүнемдер жеке мәліметтерді пайдалана отырып желі қолданушысын бопсалауы, банк карточкасынан ақша шығарып алуы, жеке өміріне араласуы мүмкін, тіпті балалары қайда оқитынын біліп алып, зиян келтіруі мүмкін.

"Компьютерлік инциденттерге ықпал ету қызметі қазақстандықтарды әртүрлі көздерден хабарламалар мен қоңыраулар алу кезінде сақ болуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында жеке деректерді жинау және тарату «Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заң негізінде жүзеге асырылады. Бұл заң шетелдік сайттарға қолданылмайды, сондықтан жеке деректеріңізді сақтау үшін және қаскүнемдерден қорғану үшін отандық әлеуметтік желілерді қолдануды ұсынамыз",- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906180-3-mln-astam-qazaqstandyq-facebook-qoldanusynyn-derekteri-zelige-tarap-ketti/

pixel