Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек пе

Опубликовано:

Отандық вакцина11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда коронавирус вакцинасын салдыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу талап етіле ме? Бұл сауалға қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, алматылықтардың басым бөлігі вакцинаны тіркелген емханаларында салдыра алады.

"Егер ол Алматы қаласының тұрғыны болса және жұмыс орны бойынша жақын клиникаға жүгінсе, онда одан ешкім бас тартпайды. Бізде қалаға келіп, осында жұмыс істейтін адамдар бар.

Мысалы, Алматыда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 30 пайызы қала сыртынан келетіндер. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге жұмыс орнында вакцина егуге рұқсат берді.

Алматыда тұратындардың барлығына екпе қолжетімді. Егер олар тіркелген емханасында салдырғысы келсе, жазылып, кезекке тұра алады", - дейді Нариман Табынбаев.

Еске сала кетсек, Алматы тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны сауда орталықтарында да салдыруына болады.

Олар: "Бақорда", "Спутник", "Grand Park", "Almaty Mall", "Mega", "Азия Парк", "АДК", "Esentai Mall, "Форум", "Алма-Ата", "Atakent Mall," "Максима", "Мерей", "Адем", "Достық Плаза", "ГУМ", "Mart" секілді саужа үйлері мен сауда орталықтары.

Айта кеткен жөн бұған дейін Алматы қаласында бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.

Мәселен 3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе егілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906202-vakcina-saldyru-usin-turgylyqty-zeri-boiynsa-tirkelu-kerek-pe/

pixel