Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарты жыл дайындалған: "Қазақалтыннан" құны 122 млн теңге болатын алтын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Алтын
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазақалтын" АҚ кенішінен құны 122 млн теңге болатын алтын ұрлаған күдіктілер бір айдан кейін ұсталды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қылмыс 2 наурыз күні жасалған.

Шортанды аудандық полиция бөліміне Жолымбет ауылында орналасқан "Қазақалтын" АҚ кенішінің десорбциялау қоймасынан белгісіз біреулер жалпы салмағы 7 келі 578 грамм болатын катодты алтын бар қапшықты ұрлап кеткені туралы қоңырау түскен.

Кәсіпорынға 122 млн теңгеден астам шығын келген. Ұрлықтың қалай жасалғанын және оған қатысы барларды анықтау үшін шұғыл түрде криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы құрылған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 184-бабы, 4-бөлімі бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 300-ге жуық адамнан жауап алынып, кәсіпорын нысандары мен ауылдың периметрлері бойынша қойылған бейнебақылау камераларындағы видеожазбалар зерттелген.

Нәтижесінде "Қазақалтында" жұмыс істейтін 26 және 34 жастағы Жолымбет ауылының екі тұрғыны полицейлердің назарына іліккен.

Күдіктілердің аса ірі қылмысқа жарты жыл дайындалғаны анықталды. Қазіргі таңда олар ұсталып, кінәларын мойындаған.

Сонымен қатар фабрикадан ұрланған катодты алтын күдіктілердің бірінің туысының үйінен табылғаны белгілі болып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазақалтынның" шотынан 1,5 млрд теңге аударып алған қызметкерлерге іздеу салынған еді.

Кейінірек, елорда полицейлері "Қазақалтынның" қаржы бөлімінде қызмет еткен 37 жастағы әйел мен оның 38 жастағы азаматтық некедегі күйеуін қолға түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906264-zarty-zyl-daiyndalgan-qazaqaltynnan-quny-122-mln-tenge-bolatyn-altyn-urlagan-kudiktiler-ustaldy/

pixel