Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда әріптесінің атынан 4 мәрте онлайн-несие рәсімдеген балабақша тәрбиешісі ұсталды

Опубликовано:

Ұялы телефонға тыйым
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда әріптесін алдап, оның атына онлайн-несие рәсімдеген балабақша тәрбиешісі ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында 26 жастағы бойжеткеннің әріптесінің атынан шағын несие ұйымдары арқылы 4 мәрте онлайн-несие рәсімдегені анықталған.

Ал ақшаны алу үшін өзінің картасы бұғатталып қалғанын айтып, жәбірленушіден аударым жасау үшін карта нөмірін көрсетуін өтінген.

Ештеңеден сезіктенбеген әріптесі несие арқылы түскен ақшаны картасынан шешіп алып, оны күдіктіге берген.

"Тергеу барысында күдіктінің қылмысты алдын ала үйымдастырғаны анықталды. Кездесу барысында ол әйелдің ұялы телефоны арқылы жеке куәліктің суреті мен банк шотына қол жеткізген. Басқа біреудің деректерін пайдаланған күдікті онлайн-несие рәсімдеген", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Полицияның дерегінше, бойжеткен бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осы орайда полиция қызметкерлері азаматтарға аса сақ болып, бөтен адамдарға банк картасының реквизиттері мен құпиясөз жазылған хабарламаларды айтпау керектігін тағы еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда сүйіктісінің үйінен үш смартфонды ұрлап кеткен таксист ұсталғанын жазған едік.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906276-nur-sultanda-ariptesinin-atynan-4-marte-onlain-nesie-rasimdegen-balabaqsa-tarbiesisi-ustaldy/

pixel