Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тергеуші анықтауы керек": Бекшин тойда жүрген қызметкеріне қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Бекшин
Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың WhatsApp мессенджерінде жариялаған видеосы кеңінен талқыланып жатыр. Бұл жайтқа қатысты шаһардың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин пікір білдірді.

Онлайн брифингте тілшілер Жандарбек Бекшиннен тойда жүрген видеосын жариялаған департаменттің баспасөз хатшысына қандай шара қолданылатынын сұрады.

"Менің орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Видео 2 жыл бұрын түсірілген. Ол бізде 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет етеді, баспасөз хатшысы емес. Хатшы 25 наурызда денсаулығына байланысты жұмыстан шыққан болатын.

Қазір ол қызметті Мұхамедияров атқарады. Видеодағы қыз оған мәтін аударуға көмектеседі. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Видео пандемияға дейін түсірілген", - деді Бекшин.

БАҚ өкілдері видеодағы мәтін жазу функциясы тек 2020 жылдың соңында пайда болғанын көрсетіп тұрғанын жеткізді.

"Онда мұны тәжірибелі тергеуші анықтауы керек. Қазір ол техникалық қызметкер, 10 күн ғана уақытша жұмыс істейді. Біз баспасөз хатшысының орнына конкурс жариялаймыз. Егжей-тегжейлі тергеу жүргіземіз. Алайда, дәл қазір оқиғаның бір апта немесе бір ай бұрын болғанын дәлелдей алмаймыз", - деп жауап берді бас санитар дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906397-tergeusi-anyqtau-kerek-beksin-toida-zurgen-qyzmetkerinin-videosyna-qatysty-pikir-aitty/

pixel