Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 93 жастағы зейнеткер бесінші қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда 93 жастағы зейнеткер бесінші қабаттан құлап кетті деп хабарлайды "Хабар 24".

6 сәуір күні 93 жастағы зейнеткер тепе-теңдікті сақтай алмай, бесінші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткен.

Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Екібастұз тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында екі ағайындының арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталғанын жазған едік.

Қайғылы жағдай Мақтаарал ауданы Көкарал ауылында болған. 1977 және 1979 жылы туған бауырлар арасында жанжал туындаған. Тергеудің алдын ала деректеріне сүйенек, үлкені ішімдік ішкеннен кейін қос ағайындының арасында жиі жанжал болатын көрінеді.

Інісі бауырынан жаман әдеттен арылып, арақты тастауын талап еткен. Бұған ашуланған ағасы інісі өзіне бұйрық беріп отыр деп есептеп, оған пышақ жарақатын салады. Өкінішке қарай, зардап шегушіні құтқару мүмкін болмаған.

Одан бөлек, Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Жеңіл көлік жүк көлігінің дөңгелегіне соғылып, дөңгелегін жұлып әкеткен. Соққыдан КамАЗ-ға тиелген жүк далаға ұшып түскен. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1906649-pavlodar-oblysynda-93-zastagy-zeinetker-besinsi-qabattan-qulap-ketti/

pixel