Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

TikTok-та танымал болғысы келген жас жұбайлар метро вагонында үйлену тойын өткізді

Опубликовано:

Той
Кадр: "Хабар 24"

TikTok-та жұртқа танымал болғысы келген ташкенттік жұп метро вагонында үйлену тойын өткізді деп хабарлайды "Хабар 24".

Ғашықтар осылайша әлеуметтік желіде лайк жинауды көздеген екен. Алайда көпшілік оларды "хайп қуды" деп айыптып, сын-пікірлерін жаудырған.

Жастардың бұл әрекеті жұрттың көңілінен шыға қоймаған секілді. Енді жас жұбайлар көрші елдің заңы бойынша жауапқа тартылады. Бүгінде Ташкенттің ішкі істер департаменті үйлену тойын ұйымдастырған азаматтарды іздестіріп жатыр.

Олар қоғамдық тәртіпті бұзып, мәдениет пен тәрбиенің жоқтығын көрсетті дейді жауапты орган өкілдері. Өзбекстанда карантин күшейтілгенімен той өткізуге тыйым салынған жоқ. Шақырылған қонақтар саны 100-ден аспауы тиіс.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияның Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізгенін жазған едік.

Одан бөлек, сәтті TikTok түсірген азамат кенеттен қымбат көлік мініп, жұлдызға айналғанын жазған болатынбыз. Зауытқа қарай скейтпен бет алған сәтін видеоға түсірген азамат, жол бойы рақаттанып сусын ішіп жүреді. Оcean Spray сусынын ішіп, Dreams — Fleetwood Mac әнін тыңдаған ер адамның видеосы 14 қазанға дейін 50 млн-нан астам қаралым жинап үлгереді. Нәтижесінде сусынға сұраныс ерекше артып, ән де ерекше танымалдыққа ие болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906692-tiktok-ta-tanymal-bolgysy-kelgen-zas-zubailar-metro-vagonynda-uilenu-toiyn-otkizdi/

pixel