Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда үш көлік соқтығысып, 42 жастағы әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Ақмола облысы ПД

Көкшетауда үш бірдей көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты 6 сәуір күні болған. Сол күні сағат 22.00 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы теннис орталығы маңында жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Nissan Primera, Lada Granta және Volkswagen Golf көліктерінің соқтығысқанын анықтаған.

Салдарынан көліктердің бірінде отырған 42 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болған.

Жүргізушілер медициналық тексерістен өтіп, олардың алкоголь тұтынбағаны анықталған. Жол апатына қатысқан көліктер тергеу жүргізу үшін айып тұрағына қойылды.

Ал аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша (кісі өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында жылқы мен көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмған болатын.

Сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолында Toyota Camry көлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан еді.

Салдарынан 28 жастағы бойжеткен көз жұмды. Ал жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын.

Сонымен бірге 1 сәуірде Алматыда болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906749-koksetauda-us-kolik-soqtygysyp-saldarynan-42-zastagy-aiel-qaitys-boldy/

pixel