Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов Тоқаевқа елордадағы эпиджағдай мен астаналықтарды вакциналау жайлы баяндады

Опубликовано:

Елорда
Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Президентке елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты.

Сонымен қатар президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы және жаппай ұйымдастыру, эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, халықтың денсаулығын сақтау жөнінде қала әкіміне тапсырма берді.

Сондай-ақ мемлекет басшысына қаладағы халық санының артуына байланысты білім беру ошақтарын салу арқылы үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу, кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша ақпарат берілді.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаланы газдандыру мәселесін шешуді, инвестиция тартуды, жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыруды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, осыған дейін еліміздің астанасы әлемдегі ауасы ластанған отыз қаланың қатарына енгенін хабарлаған болатынбыз. Осы орайда экологтар қаланы тезірек газға көшіру керектігін айтып, дабыл қағып отыр.

Мәселен, экологтар атмосфераның ластануын төмендету үшін жеке меншік үйлерді газдандыруды жеделдетіп, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерді табиғи газға көшіру керек деп есептейді.

Транзиттік көліктердің жүруіне шектеу қою жағын қарастыру да ұсынылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906807-kolginov-toqaevqa-elordadagy-epidzagdai-men-astanalyqtardy-vakcinalau-zaily-bayandady/

pixel