RU

"Биыл өтпегені жайлы ақпарат бар: Цой Рымбаева мен Майғазиев бой көрсеткен тойға қатысты пікір білдірді

Рымбаева
Видеодан кадр: Әлеуметтік желі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен онлайн брифингте Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев және Жазира мен Жанболат қатысқан тойдың видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері жақында әлеуметтік желіде Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев Айдана Меденова және Жазира мен Жанболат бой көрсеткен тойдың видеосы тарағанын хабарлады.

Олар карантин режимін бұзған әртістер жауапқа тартыла ма деген сауал қойды. Одан бөлек, тілшілер пандемия уақытында мұндай тәртіпбұзушылықтар үшін қанша әртіс пен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын сұрады.

"Материалдар жинап жатырмыз, бірақ қазіргі уақытта бізде бұл шараның биыл өтпегені жайлы ақпарат бар", - дейді денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, аталмыш әншілер бой көрсеткен тойдың видеосын қазір Алматының Алмалы ауданының мониторингтік тобы зерттеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906814-bul-sara-biyl-otpegeni-zaily-bizde-aqparat-bar-coi-rymbaeva-men-maigaziev-boi-korsetken-toiga-qatysty-pikir-bildirdi/