Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцинадан соң перзентхана қызметкері көз жұмды ма: ДСМ жауап берді

Опубликовано:

Дәрігер құралы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен брифингте Алматы қаласындағы №4 перзентхананың қызметкері коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

БАҚ өкілдері кешеден бері желіде коронавирусқа қарсы вакцинадан соң адамдар қайтыс болып жатқаны туралы ақпарат тарағанын жеткізді.

Осыған байланысты, олар Қазақстанда вакцина салдарынан көз жұмғандар бар ма деген сұрақ қойды.

Сондай-ақ журналистер Алматыдағы №4 перзентхана қызметкерінің өлімі жайлы ақпаратқа пікір білдіруді сұрады.

Денсаулық сақтау вице -министрі Ажар Ғиният қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болған адам тіркелмегенін мәлімдеді.

"Егер Алматы облысындағы әріптесіміздің өлімі жайлы айтар болсақ, ақпаратты тексердік. Жанұясы мен туыстарына көңіл айтамын.

Ол вакцинациядан соң екі күннен кейін өз үйінде құлап, қайтыс болған. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Аталмыш факті бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Алматыда арнайын комиссия құрылды. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі жүректің ишемиялық ауруы", - дейді вице-министр.

Ажар Ғинияттың сөзінше, әрі қарай өлімнің мән-жайын комиссия анықтайды.

"Сондықтан, дәл қазіргі уақытта өлім коронавирусқа қарсы вакцинадан болған деп нақты айта алмаймыз", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін бұл жайтқа қатысты Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов пікір білдірген еді.

Ол аталмыш дерек бойынша комиссия құрылғанын, кешенді тексеру жүргізілуде екенін, оған жан-жақты баға беретін мамандар жұмылдырылғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906827-koronavirusqa-qarsy-vakcinadan-son-perzentxana-qyzmetkeri-koz-zumdy-ma-dsm-zauap-berdi/

pixel