Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздықтар ерекше құбылыстың куәсі болды (видео)

Опубликовано:

метеорит11
Көрнекі фото: pixabay.com

6 сәуірден бері бері мессенжерлерде, аспанда белгісіз жарқыраған нысанның ұшып өткені жайлы видео таралуда. Мұны Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары ғана емес Тараз тұрғындары да байқаған деп хабарлайды Астана арнасы.

Астрономиялық құбылыстың жарқылы небәрі бірнеше секундқа ғана созылған. Ерекше құбылысты, тұрғындар телефондарына түсіріп үлгерген.

Олардың бірі метеорит құлады деп топшыласа, енді бірі ұшақ апаты ма деп қауіптенген.

"Келіншегіміз екеуміз түнде келе жатқанбыз дүкенге қарай шығып. Аспан кенеттен жарқ ете қалды. Екеуміз бір-бірімізге қараймыз, қорқып кеттік. Бірінші ұшақ па деп ойладым, жарқырап бара жатқан. Өртеніп бара жатыр ма деп. Сан түрлі ойлар келді", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Шерхан Дәкен.

Ал ұлттық космостық зерттеу орталығының мамандары көпті даурықпауға шақырды. Ондағылар, "бұл бірнеше күн бұрын ғарышқа ұшырылған ракетаның бөліктері болуы мүмкін" екенін айтады.

Авторы: Б. Жұмабайұлы

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғындары аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болғанын жазған едік.

Тұрғындар байқаған құбылыс - гало деп аталады. Гало - Күн айналасында екінші реттік жарықтың пайда болуымен сипатталатын оптикалық құбылыс.

Мұндай құбылыс көбінесе Қазақстанның солтүстік қалаларында ақпан-наурыз айларында пайда болады.

Одан бөлек, Ресейдің Камчатка түбегінде көкте жарылған метеорит көпшіліктің назарына іліккенін жазған болатынбыз.

Ғалымдар метеориттің Жер атмосферасында Камчатканың көгінде жарылуын тіркеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906863-tarazdyqtar-erekse-qubylystyn-kuasi-boldy-video/

pixel