RU

Жаңа антирекорд: Елімізде бір тәулікте 2586 адам коронавирус жұқтырған

Коронавирус тест11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, өткен тәулікте 2586 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 710-ы Алматыдан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 578

Алматы қаласы - 710

Шымкент қаласы - 81

Ақмола облысы - 98

Ақтөбе облысы - 117

Алматы облысы - 325

Атырау облысы - 137

Шығыс Қазақстан облысы - 55

Жамбыл облысы - 39

Батыс Қазақстан облысы - 125

Қарағанды облысы - 160

Қостанай облысы - 33

Қызылорда облысы - 22

Маңғыстау облысы - 43

Павлодар облысы - 28

Солтүстік Қазақстан облысы - 16

Түркістан облысы - 19.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 261 503-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1449 науқас індеттен жазылып шыққан.

Жалпы қазіргі уақытта елімізде 29 655 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

522 адамның жағдайы ауыр, 151 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 87 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмонияменмен ауырғандарға келсек, 6 сәуірдегі мәлімет бойынша 100 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған, 186 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін аталмыш диагноз 51 055 адамға қойылып, 718 науқас қайтыс болған, 49 476 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қазір 8 өңір "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906871-710-almatydan-elimizde-bir-taulikte-2586-adam-koronavirus-zuqtyrgan/