Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шешіндірмек болған: СҚО-да бойжеткенге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Петропавлда белгісіз ер адам көп қабатты үйдің кіреберісінде бойжеткенге пышақпен тап беріп, шешіндірмек болған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейлердің күдіктіні ұстағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Зардап шегушінің айтуынша, 5 сәуір күні белгісіз ер адам өзіне пәтерінің кіреберісінде тап беріп, тамағына пышақ кезеп, шешіндіре бастаған.

Бойжеткен қарсылық көрсетіп, айқайлаған сәтте оның дауысын естіген көршісі көмекке келіп, құтқарып қалыпты.

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орын алған күннен бастап екі тәулік ішінде күдіктіні ұстаған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрын бірнеше рет сотталған 49 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізілген. Аталған факті бойынша тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында қыз зорлаған екі ер адамға сот үкімі оқылғанын жазған едік. Олар жәбірленушінің үйіне кіріп, оның дәрменсіз халін пайдаланып, зорлық көрсеткен.

Сот барысында айыпталушылар кінәсін мойындамай, жыныстық қатынастың ерікті түрде болғанын айтқан. Олар қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өздерін ақтап алуды сұрайды.

Десе де, сот оларды кінәлі деп тауып, ер адамдардың бірі 9 жыл 6 айға, екіншісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылар жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906873-sesindirmek-bolgan-sqo-da-boizetkenge-sabuyl-zasady-dep-kudiktelgen-er-adam-ustaldy/

pixel