RU

"Маған ыстық тамақ керек болды": Мәңгі алауда ас әзірлеген әйелдің үстінен іс қозғалды

Мәңгі алау
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәскеудегі мәңгі алауда тамақ әзірлеген әйел көпшіліктің ашуын келтірді деп хабарлайды ren.tv.

Оның "Скорбящая мать" мемориалында тамақ әзірлеп жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Артынша, полиция тергеу жүргізуді бастаған. Ресей ІІМ Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Петрованың сөзінше, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал Пушкинодағы мәңгі алауда тамақ пісіремін деп жұрттың назарына іліккен 1965 жылғы Красноармейск тұрғыны өзінің бұлай істеуіне не себеп болғанын түсіндірді.

Айтуынша, оған ыстық тамақ қажет болған.

"Мейрамханада емес, қоғамдық тамақтану орындарында ас ішуге әдеттенгенбіз. Күнде таңғы ас, түскі ас, кешкі ас. Осылай үйретіп қойған. "Глобусқа" бару мүмкін емес болып кетті... Маған ыстық тамақ керек болды", - дейді тергеуге алынған әйел.

Еске салсақ, бұған дейін қазақтың мемлекеттік қайраткері әрі саясаткер Тұрар Рысқұловтың Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде орналасқан ескерткішіне әлдебіреулер маска тағып қойғанын жазған едік.

Ескерткішке нақты кімнің маска тағып қойғаны белгісіз. Мұны істеуге қанша уақыт кеткені де беймәлім.

Өйткені тұғырын есептемегенде Тұрар Рысқұловтың ескерткішінің биіктігі 4,5 метр. Ол Шымкенттегі ең биік ескерткіштердің бірі саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906927-magan-ystyq-tamaq-kerek-mangi-alauda-as-azirlegen-aieldin-ustinen-is-qozgaldy/