Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Билемей қойғаны үшін екі тісін қағып түсірген": Елорда тұрғыны әйелді ұрды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтанда 50 жастағы азамат мас күйде әйелді ұрды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан полициясы департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, оқиғаның өзі 6 жыл бұрын болған.

Полицияның хабарлауынша, елорда тұрғыны мекемеде демалып жүріп, алкоголь ішкен. Масайып қалғаннан кейін ер адам бейтаныс екі әйелді өзімен билеуге шақырады. Әйелдердің бірі билеуден бас тартқанына ашуланған азамат оның бетінен ұрып жіберіп, алдыңғы екі тісін қағып түсірген.

Жауапкершіліктен қорыққан күдікті алдымен мейрамханадан, кейін қаладан ізін суытқан дейді тәртіп сақшылары.

Ол ауылдағы туыстарына барып, жасырыныпты. Зардап шегуші әйел полицияға жүгінгеннен кейін Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдіктіні тек алты жыл өткесін ұстау мүмкін болған.

"Әрбір жасалған қылмыс үшін, тіпті бірнеше жылдан кейін де қылмыскер жазасын алуы керек", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының басшысы Дастан Қалиев.

Еске салсақ, бұған дейін ажыраспақ болған әйелін қорқытқысы келген оралдық азаматтың басы бәлеге қалғанын жазған едік.

Ол келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына тарататынын айтып, қорқытыпты. Айтқанына көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына WatsApp желісі арқылы жіберіп үлгерген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906950-bilemei-qoigany-usin-eki-tisin-qagyp-tusirgen-elorda-turgyny-aieldi-urdy-dep-kudiktelude/

pixel