Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли президенттің неге "Спутник-V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли көпшіліктің сауалына жауап беріп, президенттің неліктен "Спутник-V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, "Спутник-V" екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда.

Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті.

Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, 6 сәуір күні Берік Уәли мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын хабарлады.

Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті "Спутник V"вакцинасын салдырғанын түсіндірген еді.

"Спутник V" - бұл да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда жасалған. Иә, негізі Ресейдікі, бірақ ол Қазақстанда өндірілген. Барлық жерде, қорабында да, зауыттың өзінде де бұл вакцинаның Қазақстанда өндірілгені жазылады", - дейді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906952-berik-uali-prezidenttin-nege-sputnik-v-vakcinasyn-saldyrganyn-tusindirdi/

pixel