Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының экс-бас дәрігері қамалған күні емхана директоры да тұтқындалған

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда 1 сәуір күні "Авиценна" емдеу-профилактикалық мекемесінің директоры Жанар Молдантаева қамауға алынды. Дәл осы күні Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Сүлен Ілиясов та тұтқындалған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың хабарлауынша, 1 сәуір күні Көкшетау қаласы мамандандырылған тергеу сотының үкімімен Жанар Молдантаеваға қатысты екі айға қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше, "Авиценна" емдеу-профилактикалық мекемесінің директоры Қылмыстық кодекстің 189 бабы, 4 бөлігі, 2 тармағы бойынша (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе ірі мөлшерде жымқыру) күдікке ілінген.

Үкім бойынша Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасына шағым түскен. Әзірге шешім қабылданған жоқ.

Сондай-ақ Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Сүлен Ілиясовты қамауға алуға санкция беру туралы шешімге түсірілген аппеляциялық шағым қарастырылуда.

Ілиясов та Жанар Молдантаевамен бір күнде қамауға алынған болатын. Оған да жоғарыда көрсетілген бап бойынша айып тағылған. Алайда бұл екі қамаудың бір-біріне қатысы бар-жоғы хабарланған жоқ. Сонымен бірге қылмыстық іске қатысты деректер жарияланбады.

Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген еді.

Сонымен бірге, қашықтан оқыту кезінде балаларды компьютермен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражатты жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906959-aqmola-oblysynyn-eks-bas-darigeri-qamalgan-kuni-emxana-direktory-da-tutqyndalgan/

pixel