Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдағы нөсер канализациясынан алынған судың жанып кеткен видеосы таралып жатыр

Опубликовано:

су
Видеодан кадр: Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіде Қостанайда түсірілген видео тарап жатыр. Роликте нөсер канализациясынан су алып, оны жерге төгіп, өртеген кезде жанып кеткені көрсетілген.

Қостанайлықтар жанып кеткен суды талқылап жатыр. Видео WhatsApp мессенджері арқылы кешеден бері таралып жатыр. Кадрларда нөсер канализациясынан су алып, оны өртеген кезде судың жанғаны көрсетіледі.

Роликті көргендер таңданыстарын жасыра алмапты. Кейбіреулер қалада мұнай пайда болды деген болжам жасаған. Енді бірі мұның монтаж екенін айтуда.

Осы ретте өңірлік экология департаменті "Наш Костанай" басылымына Гагарин жол өтпесінің астынан сараптама жасау үшшін сұйықтық жиналғанын хабарлаған.

"Біз нөсер канализациясына түсіп кетіп, судың жануына себеп болған затты анықтайтын боламыз. Бүгінгі күні осы аталған жайттан әкімдік пен ТЖД хабардар етіліп, себептері анықталуда. Өз кезегінде экология департаменті нөсер канализациясының барлық учаскелерінен сынама алады. Нәтижесі туралы хабарлаймыз", - дейді Қостанй облысы экология департаменті жетекшісінің орынбасары Қуаныш Елеусінов.

Еске сала кетсек, Алматы облысының тұрғыны таудың ауасын құтыға салып сатып жатқанын жазған едік.

Ер адамның сөзінше, ол Алматы облысындағы таулардың ауасын шыны құтыға жинаған. Бір құтының бағасы - мың теңге деп белгіленген. Десе де сатушы сұраныс болса ауасын тегін бере салмақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906982-qostanaidagy-kanalizaciyadan-alyngan-sudyn-zanyp-zatqan-videosy-taraluda/

pixel