RU

Коронавирусқа байланысты Мысырда қалған 17 жастағы қазақстандық елге оралды

Мысыр
Фото: pixabay.com

"Туристiк Қамқор" Instagram парақшасында Мысырда коронавирус анықталған 17 жастағы қазақстандықтың елге оралғаны туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мысырдағы қазақстандық жайлы алғаш рет өткен аптада белгілі болған еді. Жанұя ұшар алдында ПТР тест тапсырып, тек үлкен ұлында ғана оң нәтиже көрсеткен болатын. Салдарынан қазақстандық шет мемлекетте қалуға мәжбүр болған.

Қор өкілдері бірқатар БАҚ беттерінде оқиғаның анық-қанығы айтылмағанын жеткізді. Сондықтан, олар жайтты толық түсіндіріп берді.

Мәселен, осыған дейін материалдарда ата-анасы баланы тастап, елге оралуға мәжбүр болғаны айтылып жүрген. Ал қорда бұл шешімнің негізі бар екенін хабарлады.

Ата-анасының сөзінше, ала бұрын да жалғыз саяхаттап үйренген.

"Олар бір ғана дұрыс шешім қабылдаған: баланың Қазақстанға келе жатқан адамдардың бәріне қауіп төндіретінін сезіп, екінші ПТР тестінің нәтижесі шыққанша оны Мысырда қалдырған", -деді қорда.

Екіншіден, қонақ үй баланы қонақүймен қамтамасыз еткен, ал тупоператор үнемі байланыста отырған.

"Туроператор мысырлық бағыттағы жұмыс бойынша ең мықтысы. Олар осы уақыт аралығында жас туристі қолдап отырған. Осындай берік ұстаным арқасында бала тоқтаған қонақ үй тұруға кеткен барлық шығынды өз мойнына алды. Трансферді түгелдей туроператор төледі. Ол баламен де, ата-анасымен де байланысын үзген жоқ",- деді қор өкілдері.

Үшіншіден, сақтандыру компаниясы ештеңеге қарамастан өз міндетін орындап шыққан.

"Ол хаттамаға сәйкес жұмыс істеді: жас жігітті қонақ үй нөмірінде оқшаулап, тамақпен қамтамасыз етіп, жағдайын бақылады, тест тапсыруды ұйымдастырып, екінші тест ақысын төледі. Сақтандыру полисі бұл уақытта өз әрекетін аяқтағанына қарамастан, көмек көрсету негізіне тест нәтижелерін алу сәті, яғни полистің қолданылу кезеңі алынды. Әуе билетін де сақтандыру компаниясы сатып алды", - деді қор өкілдері.

Баланы бортқа отырғызу барысында ешқандай кедергі туындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907018-koronavirusqa-bailanysty-mysyrda-qalgan-17-zastagy-qazaqstandyq-elge-oraldy/