RU

Рамазан айында "қызыл" аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талап қандай

Мешіт
Фото: gov.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптарды жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, "қызыл" аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар сәл қатаңдау болады.

Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп:

  • Бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау;
  • Намаз оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу;
  • Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу;
  • Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу;
  • Тарауық намазы оқылмайды;
  • Намаз оқып болған соң мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу.

Ершат қажы Оңғар бұл талаптар жергілікті бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отыратынын жеткізді.

"Бұл талаптар сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау мақсатында жасалды. Сондықтан ҚМДБ бекіткен талаптарға түсіністік танытып, оларды орындауға шақырамыз", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Осы жылғы пітір садақа мөлшері жан басына 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен өлшенді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907022-ramazan-aiynda-qyzyl-aimaqta-ornalasqan-mesitterge-qoiylatyn-talap-qandai/