Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза ұстаған адам COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек

Опубликовано:

Жұма намазы
Көрнекі фото: "Азаттық рухы" басылымы

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте ораза ұстаған адам коронавирус жұқтырған жағдайда не істеу керегін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері ауыз бекіткендер коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауды тоқтата ма деген сұрақ қойды. Ершат Оңғаров мұндай жағдайда дәрігер кеңесіне құлақ түру қажет екенін айтты.

"Егер адам коронавирус жұқтырып, өзін жақсы сезінше, дәрігерлер ораза ұстау зиян-зиян емес екенін айтады, содан ораза ұстауға бола ма, жоқ па, белгілі болады. Құранда ауырған немесе жолда жүрген адам оразаны басқа уақытта ұстауына болады делінген. Бұл коронавирус жұқтырғандарға да қатысты",- деді ол.

Айта кетейік, Ершат қажы Оңғар орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Спутник V" вакцинасы халал ма" деген сауалға да жауап берді.

 "Спутник V" вакцинасы туралы Ресей Федерациясының Мұсылмандары Діни басқармасына сауалдар жолданған еді. Біз оң жауап алдық. Вакцина құрамында шариғатқа қарсы келетін заттар жоқ екені белгілі болды. Онда жануарлардан алынатын ешқандай компонент анықталмады. Компоненттер харам деуге негіз жоқ. Спутник V - халал вакцина", - деді Ершат қажы Оңғар.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары отандық QazVac вакцинасына да тоқталды.

"Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне қазақстандық QazVac вакцинасы мен "Спутник V" вакцинасының бірнеше экземплярын қарап, зерттеу мүмкіндігін беру туралы ресми сауал жолдадық. Вакциналар жеткізілгеннен кейін өз зертханаларымызда вакциналардың құрамын қараймыз. Сол себепті отандық вакцина туралы әзірше ештеңе айта алмаймыз", - деді наиб мүфти.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907031-oraza-ustagan-adam-covid-19-zuqtyrgan-zagdaida-ne-isteu-kerek/

pixel