Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда "кірпішпен атысқан" құрылысшылардың әрекеті жұртты шошытты (видео)

Опубликовано:

Құрылыс1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда құрылысшылар "кірпішпен" атысты. Екі топтың салынып жатқан үйдің үстінде бір- біріне аямай кірпіш лақтырып жатқанын, жұмыскерлердің бірі телефонға түсіріп алған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, бір-бірін балағаттап "кірпішпен атысқан" құрылысшылардың бейне жазбасы әлеуметтік желіде кеше кешкісін пайда болды.

Полицияның мәліметінше, екі құрылыс бригадасы қабырғааралық плиталарды тұрғызу кезінде сөзге келіп қалған. Оның арты төбелеспен жалғасын тапқан.

"Кірпішпен атысуға" 20-25 адамның қатысқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық Кодекстің 293-інші, яғни "Бұзақылық" бабымен іс қозғағанын хабардар етті. Дегенмен құрылыс алаңында жұмыс тоқтаған жоқ. Ал компания өкілдері ақпарат беруден бас тартқан.

Олардың айтуынша, жанжал кезінде ешкім жапа шекпеген. Алайда құрылыс алаңында техникалық қауіпсіздік сақталмайтыны бейнетаспада анық байқалады, дейді телеарна тілшісі.

БАҚ өкілінің пікірінше, тергеу барысында бұл мәселе қарала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Автор: А. Қуаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907037-qaragandyda-kirpispen-atysqan-qurylyssylardyn-areketi-zurtty-sosytty-video/

pixel