Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғыны басқа біреудің саусақ ізін пайдаланып, картадан ақша ұрлаған

Опубликовано:

Сарапшы қандай смартфон қолда жарылуы мүмкін екенін айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 32 жастағы елорда тұрғынын ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктіңнің қонақ үй нөмірінде танысымен ішімдік ішкені анықталды. Түнде досының ұйықтап қалғанын күтіп, оның саусақ ізін сканерлеген және телефонды бұғаттан шығарған.

Одан әрі мобильді қосымшадан анасының банктік шотына 130 мың теңге аудардған. Жәбірленуші келесі күні ақшасының жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан.

Қазір күдікті ұрлығын мойындап, ақшаны иесіне қайтарды. Енді оған қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Сақ болыңыздар: ұялы телефон мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз. Ақшалай қаражатты ешкімнің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз немесе «102» нөміріне қоңырау шалыңыз!.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907039-nur-sultan-turgyny-basqa-bireudin-sausaq-izin-paidalanyp-kartadan-aqsa-urlagan/

pixel