Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынды

Опубликовано:

Ораза
Көрнекі фото: kyzylorda-news.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен онлайн-брифингте санитар дәрігердің орынбасары қалада Рамазан айы кезінде ұжымдық ауызашар мен құлшылық өткізуге тыйым салынатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Рамазан айы кезінде жұма секілді ұжымдық қылшылық өткізуге тыйым салынады. Қасиетті Рамазан айы уақытында ұжымдық ауызашар өткізуге, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Дегенмен бұл бір отбасы мүшелері арасындағы ауызашарға қатысты емес.

65 жастан асқан адамдар қауіп тобында қалып отыр. Сондықтан қасиетті Рамазан айында өте қажет болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға, соның ішінде ауызашар өтетін жерге бармауға кеңес беріледі", - дейді Жанна Пірәлиева

Сонымен бірге ол мұсылмандарды коронавирус кезінде оразаны қалай ұстап, вирус жұқтырып алмауға болады деген сауал алаңдататынын атап өтті.

"Исламдағы 30 күндік оразаның организм үшін оңай емес екені ешкімге жасырын емес. Өйткені ең қолайсыз кезде кейбір санаттағы адамдардың иммундық жүйесі әлсіреуі мүмкін.

Жақын арада CОVІD-19-бен ауырған, қарт, созылмалы аурулары бар, қалқанша безінде мәселелері бар, жүкті адамдар Рамазан айында дені сау жандармен қатар ораза ұстағысы келеді. Әрбір жағдайда отыз күндік оразаны ұстауға болатын-болмайтынын дәрігермен талқылау қажет.

Егер сіздің деніңіз сау болса және бұған дейін Рамазан кезінде еш қиындықсыз ораза ұстасаңыз, онда бұл жолы да сізге еш кедергі жоқ", - дейді санитар дәрігердің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907155-nur-sultanda-uzymdyq-auyzasar-otkizuge-tyiym-salyndy/

pixel