Алматы облысында үш көліктің қатысуымен болған жол апатынан бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Апат
Фото: instagram.com/police.kz

Алматы облысында екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол апатынан 46 жастағы ер адам қайтыс болып, тағы бір әйел ауыр жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео тарады.

Жол апаты Алматы-Бішкек республикалық тасжолында Қарасай ауданында болған. Кадрларда сау-тамтығы қалмаған Toyota Estima көлігін байқауға болады.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Estima маркалы көлігін басқарған жүргізуші батыс бағытта келе жатқан, тасжолдың 22-шақырымында жолдың жиегінде тұрған "ГАЗ-53" көлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін жүк көлігі "КамАЗ-5320" көлігіне соғылған, ол да жол жиегінде тұрған.

Оқиға орнында 46 жастағы Toyota Estima жүргізушісі қайтыс болды. Оның 44 жастағы жолаушысы әртүрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", – дейді ведомстводан.

Полицияның хабарлауынша, аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалған.

Еске салсақ, 1 сәуірде Алматының Наурызбай ауданында адам өліміне әкелген жол апаты болған еді.

Белгілі болғандай жүк тиеген КамАЗ оңтүстік бағытта келе жатқан. Оның жүргізушісінің айтуынша, ВАЗ 2114 қарсы бағытта келе жатып, күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кеткен.

Сөйтіп КамАЗ-дың дөңгелегіне соғылған. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907163-almaty-oblysynda-us-koliktin-qatysuymen-zol-apatynan-bir-adam-koz-zumdy/

jitsu gif