Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ералы Тоғжанов: Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина Түркияда құйылады

Опубликовано:

екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандық "QazCovid-in" вакцинасы Түркияда құйылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен брифингте хабарлады деп жазады zakon.kz.

"Бүгінде Түркиямен жасалған келісім бар. Оларда вакцина жоқ болғанымен үлкен өндіріс алаңдары бар. Бізде келісімшарт бар, алдын ала келісімге қол қойдық. Сонымен қатар зауыт құрылысын сүйемелдеу туралы келісімге қол қойдық.

Одан бөлек, халықаралық стандарттардың, ең алдымен GMP талаптарының сақталуын қадағалау және жабдықтың өзін құрастыру туралы келісім бар", - дейді Ералы Тоғжанов.

Вице-премьердің сөзінше, келісімшарт Түркиядағы ең ірі құрылыс компаниясы, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктері мен Жамбыл облысының әкімдігі арасында жасалған.

"Онда тек құйылады, ал өндірісі біздікі", - деп толықтырды Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты пікір білдірген еді.

Министрдің сөзінше, ғалымдар биологиялық қадағалауды аяқтап қалған.

"Кестеге сәйкес, биылғы сәуір айының соңына қарай, 20-сынан кейін құжаттарды денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз. Олар нәтижелерге талдау жасай отырып, тиісті шешім қабылдайтын болады. Сондықтан сәл сабырлық танытып, біздің ғалымдарға қолдау жасайық", - дейді министр.

Одан бөлек, Асхат Аймағамбетов қазіргі уақытта ғалымдар тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907210-togzanov-koronavirusqa-qarsy-qazvac-vakcinasy-qazaqstanda-ondiriledi-biraq-turkiyada-quiylady/

pixel