Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СҚ-Фармацияның" экс-басшысына қатысты тергеуді аяқтады

Опубликовано:

Берік Шәріп
Фото: primeminister.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет онлайн-брифингте "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"СҚ-Фармация" ісіне тоқталғым келіп еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СҚ-Фармация" басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Айыптау актісі бар іс ҚІЖК-нің 300-бабына сәйкес прокуратураға жіберілді. Өкінішке қарай, 201-бапқа сәйкес, басқа ақпаратты жариялай алмаймын", - дейді Сыбайлас жемқоролыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Еске сала кетейік, 2020 жылы 21 сәуірде елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде Берік Шәріп "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.

Кейін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында компанияның қызметін сынға алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ұйымының жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды.

Сол күні Берік Шәріп қызметінен босатылып, 12 шілдеде оның орнына Ерхат Есқалиев тағайындалды.

Өткен жылдың 14 тамызында Берік Шәріптің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Таяуда президент еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте"СҚ-Фармация" басшылығына тағы ескерту жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907219-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmet-sq-farmaciya-isi-boiynsa-tergeudi-ayaqtady/

pixel