Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда белгісіз біреулер тапа-тал түсте винтовкадан атқан (видео)

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: instagram.com/42500_tenge

Алматыдағы аудандардың бірінде белгісіз біреулер винтовкадан атқан. Қала тұрғындары бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Аталмыш фактіге қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы 42500_ tenge Instagram парақшасында пайда болды. Жазба авторының сөзінше, тапа-тал түсте бірнеше азамат ықшам ауданға келіп, винтовкадан атқан.

"Олар бірінші көліктен түсіп, бәліш жей бастады. Содан кейін қолдарын майлықпен сүртіп, қоқысты жерге тастай салды. Кейін көліктің багажын ашып, винтовка алып, ата бастады. Тұрғындардың сөзінше, олар бірінші жақын маңдағы үйлердің терезесін көздеген, сосын алаңға атқан", - дейді жазба авторы.

Бұл жайт Зерделі ауданында болған. Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілердің барлығы анықталған.

"Алатау аудандық полиция басқармасының ақпараты бойынша, бүгін әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында күннің алғашқы жартысында осы факті тіркелген. Полиция қызметкерлері видеода бой көрсеткен азаматтарды анықтап, полицияға жеткізді. Мән-жай анықталып жатыр.

Заң шеңебрінде шара қабылдау үшін олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Видеодағы қарудың нақты кімге тиесілі екенін міндетті түрде анықтаймыз", - дейді құзырлы орган.

Айта кетейік, осыған дейін Екібастұзда елдің көзінше 60 жастағы ер адамды атып кеткен күдікті ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907237-almatyda-belgisiz-bireuler-tapa-tal-tuste-vintovkadan-atqan-video/

pixel