Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік азамат донор болу үшін екі айда 30 келі салмақ тастаған

Опубликовано:

Ақтбелік азамат11
Аман Махамбетияров. Фото: Жеке мұрағаттан

Ақтөбе қаласының тұрғыны Аман Махамбетияров 34 жаста. Оның екі ай бұрын салмағы 123 келі болған. Қазіргі салмағы - 93 келі. Кейіпкеріміз диета ұстамай, екі айда 30 келі салмақ тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аман Махамбетияров осыған дейін жылына бірнеше рет донор болып, қан тапсырып келген. Салмақ қоса бастаған кезде қан тапсырушылар қатарына іліге алмағанын айтады.

Айтуынша, 2010 жылы жұмысқа кіргеннен бастап салмақ қоса бастаған. Өзі Қазақстан теміржолы компаниясы "Жолаушылар тасымалы" қызметінің Ақтөбедегі филиалында жолсерік болып жұмыс істейді.

"Жұмыс кезінде ұйқының да, тамақ ішудің де тұрақты режимі жоқ. Өзім бұрын 70-80 келі болған адаммын. Салмақты қосқанда да 123 келіге дейін апарыппын. Медициналық тексерістен өткенде де салмақ түсірмесеңіз, жүрекке ауыр болады деп айта бастады. Биыл ақпан айында еңбек демалсына шыққаннан бастап, арықтауды қолға алдым. Жаттығу залына басында бір рет, кейін екі реттен баратын болдым. Тамақты да дұрыстадым. "Тамақ ішпеймін" деп диета ұстаған жоқпын. Тек майға қуырылған тамақтардан бас тарттым. Қара нан жедім. Сорпаға көштім. Тойғанымды сезсем, тамақ ішуді қоямын. Алдына берген асты тауысу міндетті емес. Тамақ ішіп алғаннан кейін жатпаймын", - дейді ол.

Кейіпкеріміз мақсатына жету үшін әр күнін жоспарлап, тұрақты режимге көшкен.

"Таңғы асымды ішіп, жаттығуға кетемін. Екі-үш сағаттық жаттығудан кейін тамақты емес, тек су ішуді ойлайсың, 2-3 литр су ішемін. Негізі асқазанның бір бөлігін бос қойған дұрыс. Қарын ашпаса тамақ ішудің қажеттілігі жоқ. Түсте сорпа ішіп, 4-терде жеңіл тамақ ішемін. Майлы ештеңе жемеймін кешкі асымды сағат жетіде ішемін. Жаттығудан кейін жеміс жеп, ұйқыға жатамын. Режим солай қалыптасты.

Ұйқыда қалыпты болу керек. Жаттығу жасап жүргенде тамаққа көп тәбетің болмайды. Шыны керек судың өзі тамақ. Екі-үш литр су ішесің, суға тойып кетесің. Соңғы жағында өзіме күніге 400-500 грамм тастаймын деп нақты мақсат қоя бастадым. Осылай салмағым 122-ден 93 келіге дейін түсті. Екі айда 30 келіде тастадым. Жалпы, қолға алса, мүмкін емес нәрсе жоқ екен", - дейді Аман Махамбетияров.

Аман осыған дейін 60 өлшемдегі киімдер кисе, қазір 50-52 өлшем киетінін айтады. Ол салмақ тастау үшін дәрігермен де кеңесіп отырғанын жасырмады.

"Дәрігеріме де алғыс айттым. Ол кісі "Артық салмақ –неше түрлі аурудың бастамасы" мынадай жігіттерге құрмет көрсету" деп керек деп мені жігерлендіріп қойды. Кардиотренажердің де пайдасы көп болды. Жаттығу жасап жүріп, дәрігерге де қаралып тұрдым. Жүрекке салмақ түспеуін бақыладым", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907239-aqtobelik-azamat-donor-bolu-usin-eki-aida-30-keli-salmaq-tastagan/

pixel