Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Елизавета патшайымға көңіл айтты

Опубликовано:

Елбасы Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның түңғыш президенті ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ханзада Филипптің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне сапарларым барысында Өзіңізбен және Ханзада Филиппен болған кездесулерде марқұмның Қазақстанға деген ілтипатты көңілі мен игі ниетін әрдайым сезетінмін.

Сіздің және туыстарыңыздың қайғысына ортақпын. Осынау азалы сағатта, ұлы мәртебелі, сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын" , – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Елизавета патшайымның жолдасы ханзада Филипп 99 жасында өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907253-nazarbaev-elizaveta-patsaiymga-konil-aitty/

pixel