Шығын 300 млн теңге: елордада екі қаржы пирамидасы анықталды

Опубликовано:

Ақша доллар1
Көрнекі фото: piqsels.com

Астанада қаржы пирамидаларын құрған тұлғалар анықталып, қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істеген екі компанияны әшкереледі. Атап айтқанда, компаниялар "Otbasy men jastardy qoldau qory" Корпоративтік қоры және "Invest Consulting Agensy" ЖШС ретінде жұмыс істеп, азаматтардың қаражатын заңсыз тартқан.

"Салдарынан 300 млн теңгеден астам шығын келтірілді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысы бойынша, "Otbasy men jastardy qoldau qory" Корпоративтік қоры және "Invest Consulting Agensy" ЖШС-ның жұмысы заңсыз және қызмет етуіне тиісті рұқсаты жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары барысында қажетті барлық тергеу шаралары жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдануда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды", – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен.

Еске салсақ, Павлодар облысында нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактуралар беру фактісі анықталды. Мемлекетке миллиард теңге шығын келтірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907290-sygyn-300-mln-tenge-elordada-eki-qarzy-piramidasy-anyqtaldy/

jitsu gif