Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді

Опубликовано:

Ұстау сәті
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде киік мүйізінің ірі партиясын сату кезінде қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция Қарағанды облысы полиция департаментімен бірлесе жүргізілді.

Олар 55, 52 және 44 жастағы екі елорда және бір Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты. Нұр-Сұлтанда тұратын олардың екеуі елордадан киік мүйіздерін сату нарығын іздеп, кейіннен Қарағанды облысының аумағында сатпақшы болған. Ұстау кезінде 293 дана мүйіз тәркіленді (ірі партия). Мемлекетке алдын ала келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңгені құрайды.

Күдіктілердің тұратын жері мен олардың байланыстарының алты мекенжайы бойынша бір уақытта тінту жүргізіліп, айғақ заттар мен дәлелдемелер алынды. Сонымен қатар, есірткі заттары тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысының шекарашылары жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйізін алып бара жатқандарды ұстаған болатын.

Ұсталған азамат көліктегі жүгімен бірге Орал қалалық полиция басқармасының Зачаган полиция бөліміне тапсырылған еді. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 17440000 теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907303-policeiler-kiik-muiizinin-iri-partiyasyn-tarkileu-boiynsa-arnaiy-operaciya-otkizdi/

pixel