Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус": Жамбыл облысы "сары" аймаққа енді

Опубликовано:

Бетперде741
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия COVID-19 індетіне қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, бұған дейін "жасыл" аймақта тұрған Жамбыл облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өткен.

"Сары" аймақта Жамбыл облысынан бөлек, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары бар.

"Жасыл" аймақта үш өңір ғана қалды. Олар Қостанай, Шығыс Қазақстан және Түркістан облысы.

Ал алты облыс пен еліміздің екі ірі қаласы "қызыл" аймақта тұр.

Олар: Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелген еді. Мәселен, өткен тәулікте 2842 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 49-ы Жамбыл облысынан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында карантин күшейтіліп, санитарлық бекеттер қойылғаны хабарланған еді.

Бөрлі ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Аягөз Хайруллинаның жаңа қаулысына сәйкес, ауылға кіреберіс жолдарға санитарлық бекеттер қойылып, халықтың қозғалысы шектеледі.

Тұрғындардың ауылға кіріп-шығуына, адамдар көп жиналатын түрлі іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Медицина мекемелеріне, дәріханаларға бару қажет болған жағдайда, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер жандарға 109 телефонына хабарласып, өтінім қалдыруы керек.

Шектеу шаралары 11 сәуірден 25 сәуірге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907340-koronavirus-zambyl-oblysy-sary-aimaqqa-endi/

pixel