Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында үйдегі жарылыстан кейін 7 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото11
Оқиға орнынан фото: Хабар24

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында жеке үйде жарылыс болып, салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 11 наурызда сағат 16:00-де Ақжар ауылында болған. Жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалған.

Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілген.

"Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды", - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар24-тің облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлауынша, жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ кейін үйдің ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсатының сақталғаны анықталған. Ал үйдің өзі 1960 жылдары салынған ескі баспана екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында үйлердің бірінде газ баллоны жарылып өрт шыққанын, салдарынан бір әйел адамның қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Оқиға 4 сәуірде Глубокое ауданы Веселовка кентінде болған.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлауынша, өрттің шығу себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Сонымен қатар Татарстанның Зеленодольск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бірнеше пәтер қирап қалған болатын. Сондай-ақ 1 адам көз жұмып, тағы бес адам ауруханаға жеткізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907372-xromtauda-zarylystan-ui-qulap-7-adam-auruxanaga-tusti/

pixel