Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел қабылдасын": Мамин әкімдерге коронавирусқа байланысты тапсырма берді

Опубликовано:

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдеріне індеттің өршуіне байланысты жедел түрде шектеу шараларын қабылдауды тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Премьер-министр үкімет отырысында елімізде эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін атап өтті. Қазірдің өзінде сегіз аймақ "қызыл" аймақта тұр.

Ауруханалардағы орындардың 41 пайызы, ал реанимациялық орындардың 27 пайызы науқастарға толған. Вирустың репродуктивтілік индексі - 1,15%.

"Осыған байланысты әкімдер жедел түрде шектеу шараларын қабылдасын. Барлық емдеу мекемесі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толығымен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту қажет", - дейді үкімет басшысы.

Сонымен қатар Асқар Мамин сәуір, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 миллион адамға вакцина егуді тапсырды. Ол үшін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинацияның қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халыққа вакцинаның маңыздылығын түсіндіруді жалғастыруы қажет.

Еске сала кетсек, бүгінгі үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус жұқтырғандармен қатар індеттен көз жұмғандар санының да артқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907441-zedel-qabyldasyn-mamin-akimderge-koronavirusqa-bailanysty-tapsyrma-berdi/

pixel