Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қорыққан ақтөбелік азамат екі айда 30 келі салмақ тастады

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Коронавирустан қорыққан 35 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны небәрі екі айдың ішінде 30 келіге арықтаған. Оның аз уақыттағы нәтижесі көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Екі ай бұрын 123 келіні тартқан Аман Махамбетияровтың қазіргі салмағы 93 келі. Ол бұндай нәтижеге үздіксіз жаттығу мен төгілген тердің арқасында жеткенін жасырмады.

"Былтыр коронавирус басталған уақытта, мамыр, маусым айларында сайттардан "коронавирусқа артық салмағы барлар жиі шалдығады" дегенді оқып қалдым. Содан салмақ тастау туралы шешім қабылдадым", - деді ақтөбелік.

Содан өзінің күшіне, ынта-жігеріне сенген Аман спортзалға күніне екі мәрте барғанын атап өтті.

Түске дейін 30 шақырым, кешке 5-6 шақырым жүгіріп, кейін суда жүзген.

Жігіттің аз уақытта мұндай нәтижеге жеткеніне фитнес-жаттықтырушылар да таңқалды.

"Бұл кісінің күші мықты. Өзі жақсы дайындалуда, мақсатына жетіп тұр. Басында келгенде "Сен сияқты болғым келеді" деп айтқан еді. Дегеніне жетті. Ең бірінші  денсаулық. Денсаулық жақсы болса, иммунитет жақсы болса- адам кез келген ауруды жеңеді", -деді фитнес жаттықтырушы Жәнібек Байдолла.

Ол ынта-жігер, үздіксіз спортпен шұғылданудан бөлек, дұрыс тамақтануды жолға қою қажет екенін ескертті.

Жаттықтырушының айтуынша, ұннан және қуырылған тамақтан бас тартып, буға пісірілген ас ішкен дұрыс.

Ал Аманның ендігі мақсаты тағы бір-екі келі салмақ тастап, соны қалыпты ұстап тұру. Дәрігерлер де жігітті қолдаған. Ол ай сайын медициналық тексерістен өтіп тұрады. Қан қысымы, жүрек соғысы бәрі бірқалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907491-koronavirustan-qoryqqan-aqtobelik-azamat-eki-aida-30-keli-salmaq-tastady/

pixel