Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура Алматыдағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатыр

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында прокуратура қаладағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік осыған дейін жедел жәрдем қызметкерлері жалақыларын уақытылы ала алмай жүргенін және басшылары жеке қорғаныс құралдарын "қара базарда» сататынын айтып, шағымданған болатын.

"Жедел жәрдем қызметін арнайы комиссия тексеріп, қосымша тергеу үшін барлық іс прокуратураға тапсырылды. Жедел жәрдем қызметкерлерінен арыз түскені рас, бірақ олар құқық қорғау органдарына берілді. Тергеу басталды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдемнің қатысуымен жаппай жол апаты орын алған еді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті.

Жол көлік оқиғасы Райымбек және Сайын даңғылдарының қиылысында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, көпірден түсіп келе жатқан жедел жәрдем көлігінің тежегіші істен шығып, бар жылдамдықпен кептелісте тұрған Mercedes-ке соғылған.

Мерседес қатты екпінмен алға қарай ұшып түсіп, Toyota көлігін соққан, жолай Hyundai-ға да тиіп өткен. Toyota жүргізушісі де алға жылжып, Nissan автокөлігін соқты.

Жол апаты салдарынан екі адам – ​​жедел жәрдем фельдшері мен Mercedes жүргізушісі жарақат алды. Екеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907513-prokuratura-almatydagy-zedel-zardem-qyzmetin-tekserip-zatyr/

pixel