Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда жұмыс орнында ішімдік ішкен төрт судья қызметінен кетті

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында пара алып, алкогольдік ішімдік ішкені үшін төрт судья қызметінен босатылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент Жоғарғы сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдік  ішу фактілері бойынша ШҚО-ның төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласы №2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізді", – деді ол.  

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы Қасымов, судьялар Арғымберді, Қайролдина және Глубокое аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылды.   

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізген еді. Нәтижесінде 11 ақпанда елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Жоғарғы Сот судьясын ірі көлемде ақша алып жатқан жерінде ұстады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қаражат оның Жоғары сот Кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген.

Сонымен қатар, сол уақытта Түркістан қаласында ақшаны тапсырған аудандық соттың судьясы ұсталғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907516-sygys-qazaqstanda-zumys-ornynda-isimdik-isken-tort-sudya-qyzmetinen-ketti/

pixel