Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдениет министрінің басы дауға қалды: Өнер қайраткерлері Тоқаевқа ашық хат жазды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның бір топ өнер қайраткерлері президентке ашық хат жазып, көмек сұрады. Олардың арасында халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен Лаки Кесоглу, Ғафиз Есімов, Ренат Салаватов, Нұржамал Үсенбаева, Нағима Есқалиева және тағы басқа танымал адамдар бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ашық хатта Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының мәселесі жазылған. Авторлар өнер ұжымының жетістіктері жайында айта келе, мәдениет және спорт министрлігінің шешіміне қарсылық білдірген.

Сондай-ақ, олар әлем бойынша осы деңгейдегі театрларды басқару міндеті мықты менеджерлер мен мәдениет және өнер саласында көпжылдық еңбегімен кәсіби дайындығын дәлелдей білген мамандарға тапсырылатынын тілге тиек еткен.

"Біз театр директоры қызметіне композитор, қоғам қайраткері, тәжірибелі менеджер Ая Қалиеваны тағайындау шешімін толығымен қолдадық. Бірақ 18 ақпанда оны ешбір себепсіз қызметінен алып тастады. Түсініктеме де берген жоқ. Мәдениет және спорт министрлігінің осы шешімі театр ұжымын да, қоғамды да дүрліктіріп жіберді", – дейді хат авторлары.

Осы орайда олар Ая Қалиеваның жетістіктерін, сондай-ақ театрдың дамуына қосқан үлесін де атап өтті.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз сіздің өнер қайраткерлеріне қатысты көзқарасыңызды жақсы білеміз. Сондықтан осы мәселені Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің пайдасына шешесіз деген сенім бар", – деп атап көрсетті өнер қайраткерлері.

Айта кетейік, Қазақстанның кинематографистер одағының басшысы Ермек Тұрсынов ашық хаттың көшірмесін өзінің желідегі парақшасында жариялап, өнер қайраткерлері көтерген мәселеге қатысты өз ойын жазды.

"Мәдениет министрі тағы жанжалға тап болды. Адамдар оның жұмысына қанағаттанып отырған жоқ. Енді президенттің араласқанын қалап, шара қолдануды сұрап отыр. Айта кетейін, бұл өнер өкілдерінің мемлекет басшысына жолдап отырған алғашқы үндеуі емес. Бұған дейін осы іспетті хатты "киношниктер" жазған. Одан кейін "театрлар" шулады. Енді музыканттар құлақ асуды сұрап отыр. Кітапханашылар мен музей қызметкерлері қалды. Олар қосылса ғана құлақ асатын шығар ", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907525-madeniet-ministrinin-basy-dauga-qaldy-oner-qairatkerleri-toqaevqa-asyq-xat-zazdy/

pixel