Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды деп жазады primeminister.kz.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2003-2006 жылдары – "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ қаржы департаментінің директорының м. а., директоры – басқарма мүшесі. 

2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді.

2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі. 

2010-2012 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры. 

2012-2013 жылдары - "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры.

2013-2016 жылдары - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2016-2019 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында - Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін - «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының м. а.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907544-qarzy-ministrinin-orynbasary-tagaiyndaldy/