Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде LRT "бұзылып" жатқаны түсірілген видео талқыланды

Опубликовано:

Алаяқ1
Фото: sputniknews.kz

Қазақстандықтар Нұр-Сұлтандағы LRT бағаналарын "бұзып" жатқаны жайлы видеоны талқылап жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Міне, LRT-ны бұзып жатыр. Соған қарағанда құрылысты жалғастырмайтын секілді", – дейді ер адам.

Алайда кадрда тіректердің бұзылып жатқаны көрінбейді.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне LRT бұзылмайтынын, видеода күнделікті жұмыс көрініс тапқанын мәлімдеді.

"Қаржыландыру мәселесі шешілген соң жұмыс басталады", – деп нақтылады компания.

2019 жылдың жазында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жобасына жауапты тұлғаларды өткір сынға алды. Елорда әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пандемия кезінде LRT құрылысы туралы мәселе кейінге қалдырылғанын айтты. Себебі "Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де сыртқа қарыз тарту қажет болды".

Қазір елорда билігі жобаны аяқтау үшін халықаралық инвесторлар іздеуді жалғастырып жатыр. БАҚ-та жазғандай, жеңіл рельсті көлік жобасын аяқтау үшін 1,5 миллиард доллар қажет.

Әкім аяқсыз қалған жеңіл рельсті көлік жүйесінің қазіргі кейпі қала көркін құртып тұрғанымен келіседі. Сол себепті жобаны аяғына дейін жеткізбек ниетте екені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907559-zelide-lrt-buzylyp-zatqany-tusirilgen-video-talqylandy/

pixel