Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында блок-бекеттер қойылды (видео)

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көксу ауданында бақылау-өткізу бекеттері орнатылды. Жергілікті биліктің айтуынша, мұндай қатаң шаралар коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Сәуір айында Көксу облысында коронавирус жұқтыру деңгейі 128 жағдайға дейін жоғарылағаны нақтыланған, ал бір ай бұрын 85 дерек тіркелген.

Жалпы, облыста соңғы 2 аптада КВИ өсу қарқыны 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2%-ке дейін өсті (04.04 -11.04).

Өткізу пункттерін орнату туралы шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аймақтық штабы қабылдады.

"Көксу өңірінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге кіру және шығу кезінде 9 блок-бекет қойылды. Олар таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысады. Бекеттер аймақтағы коронавирус инфекциясын одан әрі таратпау мақсатында құрылды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, ауыл тұрғындарына топ болып саяхаттауға тыйым салынады. Қарт кісілерге де көшеде жүруге қатаң шектеу қойылған.

Сонымен қатар, полиция бақылау-өткізу бекеттері әлі де профилактикалық мақсатта қойылғанын атап өтті. Бүгінде көрші облыстардан келген қонақтар ғана тексеріліп жатыр.

"Көксу ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ауылдық округтердің кіреберісінде блок-бекеттер қойылды. Аудан ішінде қозғалысқа шектеу қойылмайды, тек басқа облыстардан өткізу пункттерінен өтетін адамдар бақылауға алынады. Сарапшылардың айтуынша, бұл мәжбүрлі шара", – деп түсіндірді Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Әлеуметтік желілерде осы бекеттердің бірі түсірілген видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907570-almaty-oblysynda-blok-beketter-qoiyldy-video/

pixel