Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПТР анықтамасы жоқ қазақстандықтарды ұшаққа кіргізбейді: Cанитар дәрігер жаңа жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Ұшақ салоны
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа жарлыққа қол қойды, оған сәйкес коронавирустың жоқтығы туралы анықтамасы жоқ қазақстандықтар енді ұшаққа кіре алмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Еліміздің бас санитар дәрігері өзінің бұрынғы қаулыларына түзету енгізетін құжатқа қол қойғаны туралы хабарланды.

"7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейді", – делінген бүгін жарияланған құжат мәтінінде.

Бұрын мұндай шектеу тек Қазақстан азаматы болып табылмайтын адамдарға қатысты болатын.

Бұл ереже 2021 жылғы 14 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ, құжат мазмұнына сәйкес, карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды.

Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.

Одан бөлек, құжатта халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол берілетіні жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907577-ptr-anyqtamasy-zoq-qazaqstandyqtardy-usaqqa-kirgizbeidi-sanitar-dariger-zana-zarlyqqa-qol-qoidy/

pixel